Дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып тергеу амалдары басталды
Атыраудағы түзеу мекемесінде сотталушылар арасында жанжал шығып, жазасын өтеушілердің бірі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv
Болжам бойынша жігіттер өзара сөзге келіп, арты жаппай төбелеске ұласқан. Қатты соққы салдарынан бір ер адам қаза тапты. Оқиғаны Полиция департаменті растап отыр. Қазір дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып тергеу амалдары басталды.
«Атырауда түзету мекемесінде сотталғандар арасында жанжал орын алып, оқиға салдарынан бір сотталушы қаза тапқан. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», – деді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
Оқи отырыңыз: Астанада LRT жылжымалы құрамы сынақтан сәтті өтті