Өзге жолаушылар қазір ауруханада жатыр
Атырауда жол апатынан бір үйдің 1 және 10 жастағы екі баласы көз жұмды. Қайғылы жағдай Орал – Атырау тас жолында болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Анықталғандай, салон ішінде 4 баласы бар ерлі-зайыпты Lada жеңіл автокөлігімен келе жатып, жүк көлігімен соғысқан. Салдарынан екі бала бірден жан тапсырыпты. Ал өзге жолаушылар қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, анасы мен бір баланың жағдайы ауыр.
Айта кетейік, жыл басынан бері аймақта 1300-ден аса жол-көлік оқиғасы болған. Салдарынан 70 адам көз жұмған. Сондықтан жол сақшылары қауіпсіздікті қатаң сақтауға шақырды.
«Алған дене жарақаттарының салдарынан 2 жасөспірім қаза тапты. Тағы 3 жолаушы және Granta көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілген. Қылмыстық іс тіркеліп тергеу амалдары басталды», – деді Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
Оқи отырыңыз: Жүлдеге таласқан: көкпарда жүргізуші көлігімен атты адамдарды қағып кетті