Аурухана басшылығы ақпаратты жоққа шығарды
Атыраудағы модульдік ауруханада қандала қаптады. Мекемеде ем қабылдап жатқан науқас осылай деп шағымын жеткізді. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан оның сөмкесі мен төсек орнынан жыбырлаған жәндіктерді байқауға болады, деп хабардлайды Almaty.tv.
Ал аурухана басшылығы ақпаратты жоққа шығарды. Бейнежазбадағының қандала емес, қоңызға ұқсас зиянкес екенін айтады. Жауаптылар күн жылынғанда қаптайтын жәндіктің адам өміріне қауіп төндірмейтінін жеткізді. Облыстық аурухананың бас дәрігері мекемеде ай сайын залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.
«Күннің жылуына байланысты түрлі қызыл қоңыз шықты. Бірақ қаптаған жоқ. Залалсыздандыру жұмыстары тәртіпке сай жүріп жатыр. 31 наурызда соңғы рет жүргіздік. Ай сайын жасап тұрамыз. Бұл – күн жылғанда пайда болатын қоңыз. Бірақ оның бәрі уланып жатыр. Ешқандай қандала емес», – деді Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиев.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысындағы 9 ауданда шегіртке қаптап кетті