Бұл туралы Air Astana компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді
Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Атыраудан Дубайға ұшатын рейстерді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Air Astana 28 маусымнан бастап Атырау-Дубай бағыты бойынша ұшу уақытының едәуір ұзаруына байланысты уақытша орындалмайтынын хабарлайды. Дубайға Астана мен Алматыдан ұшатын рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігі тысында жалғасады», - делінген хабарламада.
Уақытша тоқтатылған рейстердің жолаушыларына Алматы және Астана қалаларынан Дубайға немесе Атыраудан басқа бағыттарға тегін қайта брондау не билеттің толық құнын қайтару ұсынылады.
Оқи отырыңыз: Еліміз дәнді дақылдың 8,7 млн тонна жаңа өнімін экспорттады