Олар «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында жүзден жүйрік атанды
Атыраулық 12 жас 12 миллион теңге грант ұтып алды. Олар «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында «Ғылым», «IT», «Медиа», «Мәдениет», «Бизнес» және «Волонтерлік» бағыттар бойынша жүзден жүйрік атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сонымен қатар ерікті жастарға арналған «Сенің бастамаң» гранттық жобасы жүзеге асып жатыр. Бағдарлама қорытындысы бойынша 10 адамға 300 мың теңгеден грант беріледі. 5 кезеңнен тұратын жоба жастардың әлеуметтік, шығармашылық және қоғамдық бастамаларын қолдауға арналған және жыл соңына дейін жалғасады.
«2026 жылдан бастап 200 жуық үміткер қатысып олардың ғылыми, IT, медиа, мәдениет және бизнес волонтерлік бағыттары бойынша өтінім берді. Нәтижесінде 12 жеңімпаз анықталып, жалпы көлемі 12 млн теңге құрайтын грант иегері атанды. «Тәуелсіз ұрпақтар» гранты Президент бастамасына сәйкес елімізде 2021 жылдан бастап іске асырылып келеді», – деді Атырау облыстық Жастар ресурстық орталығының бөлім маманы Нұртас Айтқалиев.
Оқи отырыңыз: Полиция жаңа оқу жылы қарсаңында мектептер маңындағы бақылауды күшейтеді