Атыраулық 80 жастағы зейнеткер 8 баласы мен немересінен алимент өндіріп алды

أخٌ‌في‌الله/ unsplash.com/
أخٌ‌في‌الله/ unsplash.com/

Ол денсаулығы мен қаржылық жағдайының нашарлағанын айтып, сотқа жүгінген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда 80 жастағы қария өзіне қарау көрсетпеген 8 баласы мен бір немересінен алимент өндіріп алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол денсаулығы мен қаржылық жағдайының нашарлағанын айтып, сотқа жүгінген. Зейнеткердің айтуынша, ол он жылдан астам уақыттан бері жалғыз тұрып келеді және туыстарының көмегіне мұқтаж. Қартты тек бір ұлы ғана қарайды екен.

"Атырау қалалық соты тараптардың материалдық және отбасылық жағдайын зерттей келе, талапкердің арызын ішінара қанағаттандырды. Сот шешімімен зейнеткердің тамағы мен дәрі-дәрмегі үшін оның 8 баласы мен бір немересінің әрқайсысынан 3 АЕК мөлшерінде алимент өндірілді", – делінген хабарламада.

Анықтама: 2025 жылы 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) – 3 932 теңге. Демек, әр айыпталушыдан 11 796 теңгеден өндірілмек.

Құқықтық негіз: ҚР "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексінің 145-бабы 1-тармағына сәйкес, кәмелет жасқа толған, еңбекке қабілетті балалар қартайған және көмекке мұқтаж ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті. Егер ондай көмек көрсетілмесе, ата-әжелер сот арқылы жұмысқа жарамды немерелерінен де алимент өндіре алады (153-бап).

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында полиция мыңнан астам қарасора мен көкнар түптерін тәркіледі

Новости партнеров