Ақылы жолдың бастау нүктесі – 786 км, аяқталу нүктесі – 513+850 км
Транспорт министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 29 шілдедегі бұйрықты қол қойып, республикалық маңызы бар Актау – Бейнеу автомобиль жолының (учаскесінің) ақылы негізде пайдаланылуын бекітті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осылайша, II санатты республикалық маңызы бар Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай Утес – Шетпе – Жетібай – Актау автомобиль жолының Актау – Жетібай – Шетпе – Бейнеу учаскесі ақылы негізде пайдаланылады.
Сонымен қатар, альтернативті жолдар арқылы жүруге болады: республикалық маңызы бар Актау – Құрық, Құрық – Жетібай автомобиль жолдары, Жетібай – Жаңаөзен учаскесі, Жетібай – Жаңаөзен – Түрікменстан шекарасы автомобиль жолы, аудан маңызы бар Жаңаөзен – Қызылсай, облыс маңызы бар Сай Утес – Қарақұдық – Қызылсай жолдары.
Ақылы жолдың бастау нүктесі – 786 км, аяқталу нүктесі – 513+850 км. Ақылы жолдың ұзындығы – 272,15 шақырым.
Автомобиль жолында қозғалыс жолағы саны – екі бағытта 1 және 2 жолақ.
Ақылы жолды пайдалану мерзімі – 20 жыл.
Сонымен қатар, ақылы автомобиль жолы бойынша жүру ақысы мөлшерлемелері бекітілді.
Толық учаске бойынша төлем мөлшерлемелері:
Сонымен қатар, абоненттік төлем де белгіленген.
Айына абоненттік төлем жеңіл көліктерге қарастырылмаған, автобустар мен жүк көліктері үшін 1-ден 5 МРП аралығында болады.
Жылдық абоненттік төлем: жеңіл көліктер үшін 1 МРП (2025 жылы 3932 теңге), автобустар мен жүк көліктері үшін 12-ден 60 МРП аралығында.
Бұйрық 2025 жылғы 17 тамыздан бастап күшіне енеді.
Оқи отырыңыз: Атыраулық 80 жастағы зейнеткер 8 баласы мен немересінен алимент өндіріп алды