Атыраулық блогер үш жылға сотталды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

 Оған 3 жыл 1 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атыраудағы №2 қалалық сот Takitok деген атпен танымал жергілікті блогерге үкім шығарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Ол әлеуметтік желіде тұрмыстық техника, әшекей бұйымдар және көпбалалы отбасыларға көмек беруге уәде етіп, онлайн-ойындар мен акциялар ұйымдастырған.

«Алайда қатысушылардан ақша аударуды талап еткеніне қарамастан, уәде етілген сыйлықтарды ешкім алмаған. Тергеу барысында 68 жәбірленуші анықталды, залал көлемі бірнеше мыңнан жүздеген мың теңгеге дейін жеткен», - делінген хабарламада.

Сот әйелді ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі («Ірі мөлшерде жасалған алаяқтық») бойынша кінәлі деп танып, 3 жыл 1 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бұдан бөлек, оған 5 жылға дейін қоғамдық қызметпен айналысуға және интернет-ресурстарды пайдалануға тыйым салынды. Бұл — түрмеден шыққан соң да ол әлеуметтік желіде парақша жүргізе алмайтынын және қоғамдық жобаларға қатыса алмайтынын білдіреді.

Оқи отырыңыз: Биыл елімізде жол апатынан 176 бала көз жұмды

Новости партнеров