Ауыр жарақат алған келіншек оқиға орнында көз жұмды
Атыраулық тұрғын әйелін өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, Қайғылы жағдай ерлі-зайыптының пәтерінде болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ауыр жарақат алған келіншек оқиға орнында көз жұмды. Белгілі болғандай 58 жастағы марқұм қаладағы мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істеген. Қолын қанға малған ер адам бұл әрекетті мас күйінде жасаған көрінеді. Әзірге екеуара жанжалға не себеп екені белгісіз. Жантүршігерлік оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
«16 наурыз күні шамамен сағат 03:30 шамасында полицияға тұрмыстық жанжал салдарынан 58 жастағы әйел адамның қаза тапқаны туралы хабарлама түсті. Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 62 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», деді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
Оқи отырыңыз: Атырауда қатарласы пышақтаған оқушы ауруханаға жеткізілді