Отар әскери гарнизонында қарауыл бастығы оққа ұшып, қаза тапты

Ботагоз Жокенкызы

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысындағы Отар әскери гарнизонында қарауыл бастығы оққа ұшып қаза тапты. Бейресми мәліметке сүйенсек, әскерилендірілген күзет қызметінің бастығына өз әріптесі мылтық атқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайғылы оқиға Отардағы әскери бөлім аумағында болған. Алдын ала ақпарат бойынша, Әскери тергеу департаментіне қарасты азаматтық қызметкер, үшінші күзет бекетінде тұрған әріптесіне абайсызда оқ атқан. Ауыр жараланған қарауыл бастығы сол жерде көз жұмды. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

«Азаматтық қызметтегі әскерилендірілген күзет қызметкерінің Жамбыл облысында қаза табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы барлық қажетті тергеу әрекеттері мен процессуалдық іс-шаралар кешенін жүргізу нәтижесінде анықталады», делінген ҚР ІІМ Әскери-тергеу департаментінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Атыраулық тұрғын әйелін өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Новости партнеров