Маңғыстауда теңізге батып кеткен әскери қызметшілер іздестіріліп жатыр - Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

24.09.2026 14:28

Қорғаныс министрлігі тек мемлекеттік органдардың тек ресми ақпаратына сүйенуді сұрайды

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

24 қыркүейк күні Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа-райының күрт нашарлауы және желдің күшейуіне байланысты әскери қызметшілер теңізге батып кеткенін хабарлайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 
Алдын ала мәлімет бойынша теңізге 19 әскери қызметшінінің тоғызы көз жұмды. Үш әскери қызметші құтқарылды, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды.

Қалғандарын іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
Оқиға орнына құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары дереу жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Әскери-теңіз күштерінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, авиация және басқа да тиісті қызметтер жұмылдырылды.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін оқиға орнына Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы шұғыл аттанды.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қаза болғандардың отбасыларына қажетті барлық көмек пен қолдау көрсетіледі.
Іздестіру жұмыстарының барысы мен әскери қызметшілердің жағдайы туралы қосымша ақпарат деректер түсуіне және расталуына қарай беріледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі тек мемлекеттік органдардың тек ресми ақпаратына сүйенуді сұраймыз.

 

Толық көрсету