AUEZOV FEST - 2025: Алматыда демалыс орталықтарының аудандық жәрмеңкесі өтті

27.05.2025 16:20

Ашық аспан астындағы жәрмеңкеге келгендерге 30-дан аса үйірменің жұмысы таныстырылды

Алматыда «AUEZOV FEST – 2025» атауымен демалыс орталықтарының аудандық жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара жас буынның бос уақытын тиімді өткізуіне, зияткерлік, спорттық және шығармашылық бағытта қабілетін шыңдауына мүмкіндік берді. Сонымен қатар ашық аспан астындағы жәрмеңкеге келгендерге 30-дан аса үйірменің жұмысы таныстырылды. Олар 12 мен 35 жас аралығындағы тұрғындарға тегін қызмет етеді.

Атап өтейік, фестивальді «UAQYT» қоғамдық қоры Жастар саясаты басқармасының қолдауымен ұйымдастырған.

«Әуезов ауданында 17 орталық жұмыс істейді. Демалыс орталықтары дегеніміз не? Қазіргі кездегі балалардың уақытын тиімді пайдалануға жағдай жасаймыз. Спорт, шығармашылық, актерлік шеберлік, робот жасау ұйымдары қарастырылған», – деді «Uaqyt» қоғамдық қорының директоры Бауыржан Махамбет.

Оқи отырыңыз: Инклюзивті білім беру: Алматы мектептерінде мамандар жеткілікті ме