Аулада 6 баланы қаққан жүргізуші дәрігердің есебінде тұрған

Almaty.tv
Almaty.tv

Алайда ол көлік тізгіндеуін тоқтатпаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Абай облысына қарасты Бестерек ауылында болған қайғылы жол-көлік оқиғасына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елді есеңгіреткен апат биыл 19 тамызда болған. Ауыл ішіндегі аулада бейқам ойнап жүрген екі отбасының 6 бірдей баласын жоғары жылдамдықпен жүйткіген көлік қағып кеткен. Салдарынан 4 бүлдіршін оқиға орнында көз жұмған. Бүгінгі сот отырысында судья алдымен куәгерлердің онлайн форматтағы жауаптарын тыңдап, қылмыстық іс материалдарын зерделеуді жалғастырды.

Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы сотта жүргізілген сараптаманың қорытындысын оқыды. Нәтижесіне сәйкес, 55 жастағы айыпталушы Серік Аңсабаевтың 2013 жылдан бері «эпилепсия» диагнозымен дәрігерлік есепте тұрғаны белгілі болды. Алайда ол көлік тізгіндеуін тоқтатпаған.

Тіпті Бестерек ауылының тұрғыны 20 жылдан астам уақыт бойы автобус жүргізушісі болып еңбек еткен. Қайғылы жағдайдың ақ-қарасын анықтайтын сот процесі алдағы күндері де жалғасын таппақ.

Оқи отырыңыз: Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз қолданудың 90 дерегі анықталды - ІІМ

Новости партнеров