Ауруханада берілетін тамақтың сапасы нашар: СҚО-да науқастар шағымына қатысты тексеріс басталды

Науқастар ауруымыздан бөлек, енді уланып қаламыз ба деп үрейленіп отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Ауруханада берілетін тамақтың сапасы нашар». Петропавл қаласындағы фтизиопульмонологиялық орталықтың науқастары осылай деп шағымданып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар айтуынша, астан жағымсыз иіс шығып, жарамдылық мерзімінен асып кеткен. Ал емделушілер түсірген бейнежазбалардан науқастарға ұсынылған тағамның бұзылып кеткені анық көрінеді.

Науқастар ауруымыздан бөлек, енді уланып қаламыз ба деп үрейленіп отыр. Ал облыстық Денсаулық сақтау басқармасы емдеу мекемесінде тамақ барлық санитарлық талаптарға сәйкес 5 уақыт берілетінін айтады. Бірақ емделушілердің шағымынан кейін медициналық мекемеге тексеріс тағайындалып, мамандар сынама алған.

 «Аталған дерек бойынша тексерулер басталды. Тағамнан сынамалар, талдаулар алынды. 

Айта кетейін, күн сайын тағамның сапасына, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға және пациенттер тұтынатын астың қауіпсіздігіне тексеріс жүргізіледі», – деді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Қалиева.

Оқи отырыңыз: Бұралқы ит қаптады: Алматы облысындағы тұрғындар баласын мектепке жібере алмай отыр

Новости партнеров