Тимур Сұлтанғазиев ведомство тарифтерді көтеру бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын жеткізді
Келесі жылдан бастап ауруханадағы науқастардың тамағына бөлінетін бюджет көбеюі мүмкін. Бұл туралы Сенат кулуарында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тимур Сұлтанғазиев ведомство тарифтерді көтеру бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын жеткізді. Вице-министр медициналық ұйымдардағы тамақтың сапасына қатысты шағымдардың барын жасырмайды. Сондықтан 2026 жылдан бастап ауруханалардың асханасына бақылау күшейтілмек.
«Келесі жылдан бастап, атап өту керек 1 ақпаннан бастап Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті алдын-ала айтпай, балалар бар ауруханалар мен перзентханаларға барып тексеріс жүргізе алады. Сол тексерісте тек медициналық ұйымның өзін ғана емес, сонымен қатар медициналық ұйымда орналасқан басқа да аутсорсингке берілген ұжымдарды да тексере алатын құзырет берілген», – деді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.
Оқи отырыңыз: Елімізде судың сапасына қойылатын талаптар күшейтілмек