Д. Әбдікәрімов пара алғаны үшін жаза арқалады
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлықтың, оның ішінде жоғары лауазымды адамдар арасында жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Мәселен, Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Д. Әбдікәрімов орта қауіпсіздікті түзеу мекемесінде мерзімін өтей отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталды.
"Ол жеке компаниялардың басшысы С. Оспановтан шегірткеге қарсы пестицидтерді жеткізу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,4 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген Антикор хабарламасында
Сот С. Оспановқа 3 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады.
Сонымен қатар сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Оқи отырыңыз: Ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген қаражат тиімсіз жұмсалған