Ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген қаражат тиімсіз жұмсалған

Әлихан Смайыловтың сөзінше, 5 жылда субсидияға бюджеттен шамамен 2 триллион теңге бөлінген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген 142 миллиард теңге тиімсіз жұмсалған. Бұл туралы мәжілісте Жоғары аудиторлық палата төрағасы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бюджет қаражаты дұрыс пайдаланылмағандықтан, 2 миллиард теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталған. Әлихан Смайыловтың сөзінше, 5 жылда субсидияға бюджеттен шамамен 2 триллион теңге бөлінген. Алайда бірқатар жүйелі проблемалар олардың әсерін шектеп отыр.

"Экономикалық шығындар мен жіберіп алған пайда шамамен 5 миллиард теңгені құрады. Бюджетке 2 миллиард теңге өтелді және қалпына келтірілді. 4 факт бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі. 322 материал әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жіберілді", – деді ҚР Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов.

Ауыл шаруашылығы министрлігі соңғы 10 жылда бірнеше бағдарламалық құжат қабылдаған. Алайда олардың басым көпшілігі соңына дейін жеткізілмей, мерзімінен бұрын күшін жойып отырған. Жоғары палата төрағасының айтуынша, субсидиялау жүйесінде кемшіліктер бар. Мәселен оның түрлері мен бағыттары, ұсыну тетіктері іске асыру барысында өзгеріп отырған. 5 жылдың өзінде жүйеге 70-тен астам өзгеріс енгізілген.

"Ережелер жекелеген жағдайда кешіктіріліп қабылданды. 5 жылдан астам уақыт өтті, ал отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін ұлғайтуды, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысын субсидиялау жөніндегі ережелер әлі де жоқ. Бұл осы бастамалар ұсынған кезде субсидиялау тәсілдерінің пысықталмауы себебінен орын алып отыр", – деді  Әлихан Смайылов.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында жерасты цехы анықталды

Новости партнеров