Ауылдық денсаулық сақтау: 600-ден астам медицина нысаны салынды

25.12.2025 14:07

Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары 10 нысан бойынша аяқталды

Аlmaty.tv

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аяқталуға жақын, , деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жоспарланған 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны салынды.

Оның ішінен:

  • 646 нысан қазірдің өзінде салынған;
  • 99 – 2023 жылы;
  • 361 - 2024 жылы;
  • 186 - 2025 жылы салынды.

Жобаны іске асыру 1 млн-ға жуық ауыл тұрғындарын медициналық-санитариялық алғашқы көмекпен қосымша қамтуды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар 32 аудандық аурухана көп бейінді аудандық орталық ауруханалар деңгейіне дейін жаңғыртылуда.

Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары 10 нысан бойынша аяқталды, жобаның толық аяқталуы 2026 жылға жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңкелер үш күнге созылады