Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңкелер үш күнге созылады

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Апта сайын демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерге шамамен 50 мың адам келеді, онда 328 фермер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өнімін ұсынады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қала тұрғындары мен қонақтарына осы аптада, Жаңа жыл мерекелері қарсаңында, Әуезов және Бостандық аудандарындағы демалыс күндері өтетін жәрмеңкелердің кеңейтілген форматта — жұма, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істейтінін еске салады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кеңейтілген жұмыс кестесі қала тұрғындарына 09:00-ден 18:00-ге дейін 1 000-нан астам өнім түрін, оның ішінде жаңа піскен көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет және сүт өнімдерін, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл мерекеге дайындық кезеңінде өте маңызды.

Қаланың өзге аудандарында демалыс күндері өтетін жәрмеңкелер әдеттегі екі күндік режимде жұмысын жалғастырады. Жәрмеңкелер өтетін мекенжайлар:

* Әуезов ауданы — Өтеген батыр көшесі (Абай даңғылынан төмен);
* Бостандық ауданы — «Қазақфильм» шағынауданы (әл-Фараби даңғылынан жоғары);
* Алмалы ауданы — Масанчи көшесі (Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің арасы);
* Алмалы ауданы — Жамбыл мен Әуезов көшелерінің қиылысы;
* Медеу ауданы — Меңдіқұлов бульвары — Бектұров көшесі;
* Жетісу ауданы — Құлагер шағынауданы, Серіков көшесі, 2.

Апта сайын демалыс күндері өтетін жәрмеңкелерге шамамен 50 мың адам келеді, онда 328 фермер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өнімін ұсынады.

Жыл басынан бері жәрмеңкелер арқылы 9 мың тонна азық-түлік өнімі сатылды.

Новости партнеров