Елордалықтар Әзірбайжан елшілігінің алдына гүл шоғын қойып, қайғылы оқиғаға көңіл айтып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ғимарат алдына жиналғандар Әзербайжан халқымен біргеміз деп үндеу жасады. Сонымен қатар «берік болыңдар бауырлар» деген жазба қалдыруда. Ал Әзербайжан диаспорасының бас имамы Гашим Агаев Ақтаудағы апатқа қатысты жолаушылардың жақындарын сабырға шақырып, қазақстандықтарға алғыс айтты.
"Бұл – орны толмас ауыр қайғы. Осындай қиын сәтте қасымыздан табылып, көңілімізге демеу болып жатқан қазақстандықтарға алғыс айтамыз. Мұндай сынақ ешкімнің басына бермесін. Апат салдарынан қаза тапқандардың туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Ал ауруханада жатқандарға жаратқан жар болсын!" – деді Әзербайжан диаспорасының астанадағы бас имамы Гашим Агаев
Ал қол ұшын бергісі келген астаналықтар ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін елордадағы қан орталығына келіп жатыр. Бүгін сағат 14:00-де 100 доза қан жіберілген. Ал сағат 15:00-ден бастап 60-тан астам адам қан өткізген. Олар толығымен тексерілгеннен кейін Ақтауға жөнелтіледі.
"Ол скринигтан өтеді. Яғни, қанның екі кезеңдік тексеруден өтеді, тексермей қанды жібермейміз", – деді қалалық қан орталығы донор кадрларын жинақтау бөлімінің меңгерушісі Айгерім Сағымбаева.
Оқи отырыңыз: Ақтаудағы ұшақ апаты: оқиға хронологиясы