Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту мәселесіне баса мән беріліп отыр. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
"Біз аймақтағы мұнай-газ өндіретін жетекші мемлекет ретінде авиаотынға қатысты мәселелерді толық шешуге мүмкіндік беретін мықты инфрақұрылым қалыптастыруымыз қажет. Бұл — аса маңызды және шұғыл міндет", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Президент мен жақында Брюссельге жұмыс сапарымен барып, Еуропалық Одақтың басшыларымен келіссөздер жүргізгенін еске салды.
"Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту мәселесіне баса мән берілді. Орта дәліз арқылы тасымалданатын жүк көлемі кейінгі алты жылда бес есе ұлғайып, бір жылда 4 миллион тоннадан асты. Бұл, негізінен, теңіз тасымалын дамыту және порт инфрақұрылымын жаңғыртудың арқасында мүмкін болды", — деді Мемлеект басшысы.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: Құрылтай технологиялық прогрестің жетекші факторы болады деп үміттенемін