Автобус апаты: 8 жастағы Алуаның оңалту шарасын министрлік жауапкершілігіне алды

18.06.2025 14:08

Дәрігерлер жеке оңалту бағдарламасын әзірлеп жатыр

Астанада жантүршігерлік автобус апатынан екі аяғынан айырылған 8 жастағы қыз баланы оңалту шарасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі толығымен жауапкершілігіне алады. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында ведомство басшысы Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайы Almaty.tv.

Оның айтуынша, протездеу бойынша барлық қызметті де министрлік өз мойнына алады. Қазір дәрігерлер жеке оңалту бағдарламасын әзірлеп жатыр. Светлана Жақыпова қызға өмір бойы мүгедектік туралы растама берілетінін де айтты.

 «19 миллион келтірілген шығынның орнын толтыру үшін берілді. Сондай-ақ мемлекет анасына да, қызына да өмір бойы қолдау көрсететін болады. Қызға бірінші топтағы мүгедектік берілетіндіктен, айына жүз мың теңгеден астам жәрдемақы тағайындалады. Ал анасы бала күтімі үшін 78 мың теңге алады. Сонымен қатар көпбалалы отбасы ретінде басқа төлемдер қарастырылған», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Оқи отырыңыз: Автобус апаты: 8 жастағы Алуаға мемлекеттен жәрдемақы беріледі