Бір күнде ереже бұзған 169 жүргізуші анықталды
Ақтөбе облысының аумағында өтіп жатқан «Жалған нөмір» атты ауқымды науқанның бірінші күнінде ереже бұзған 169 жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Солардың бірі, полиция жазғандай, Ақтөбе қаласында оқушыларды тасыйтын автобус иесі болған. Ол автобусқа жалған нөмір тағып алып жүре берген.
«Бұдан басқа, мемлекеттік тіркеу нөмірін бояп алған жүк көлігінің жүргізушісі мен шетелдік нөмірінің үстіне жалған мемлекеттік нөмірін тағып алған бір жүргізуші ұсталды», - деп хабарлайды полиция.
Жалпы, рейд аясында қарсы бетке шығып кеткен 11 жүргізуші, алкогольді мас күйде рульге отырған 3 жүргізуші, мемлекеттік нөмірі мүлде жоқ көліктерді жүргізген 11 жүргізуші анықталды.
Оқи отырыңыз: Несиені ресімдер алдында нені білу керек