"Автомектеп" ақпараттық жүйесі – ІІМ-нің есебінде тұрған мемлекеттік ақпараттық жүйе
Көлік жүргізушілерін даярлау қағидаларына сәйкес, автомектептердің қызметін есепке алу және оқу топтарын тіркеу процесін автоматтандыру мақсатында ҚР ІІМ "Автомектеп" ақпараттық жүйесін әзірледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған жүйе арқылы автомектептердегі оқу үдерісі цифрландырылып, оқу топтарын тіркеу мен есеп жүргізу электронды форматта жүзеге асырылады.
Сонымен қатар автомектепті аяқтағаны туралы куәлік толықтай электронды форматқа ауыстырылды. Бұл шешім оқытудан өтпей қысқа мерзімде куәлік беру фактілерін, сондай-ақ құжаттарды қолдан жасау мүмкіндігін болдырмауға бағытталған.
"Автомектеп" ақпараттық жүйесі – ІІМ-нің есебінде тұрған мемлекеттік ақпараттық жүйе. Жүйенің интеграциялық сервисі Smart Bridge платформасында жарияланған және жалпыға қолжетімді.
Қосылу жұмыстары электрондық үкіметтің ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылған.
Оқи отырыңыз: Мәдениет пен шығармашылық еркіндік – конституциялық деңгейде