Алматы онкологиялық орталығында жыл сайын шамамен 1500-ге жуық аз инвазивті ота жасалады
Алматы онкологиялық орталығында жыл сайын шамамен 1500-ге жуық аз инвазивті ота жасалады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Лапароскопия деп аталатын хирургиялық әдіс арнайы құралдың көмегімен жүзеге асады. Бұл камерамен және жарықпен жабдықталған жұқа түтіктің кішкене тілік арқылы құрсақ қуысына енгізілуі. Осылайша, ішкі ағзалар экранда көрініп, хирургқа операцияны қалтқысыз орындауға мүмкіндік береді. Аталған тәсіл науқастардың тезірек қалпына келуіне және асқыну қаупін азайтатын шағын инвазивтілігіне байланысты танымал. Ол тіндердің жарақаттануының алдын алып, отадан кейінгі ауырсынуды азайтатын көрінеді.
"Орталықта 5 жылдан бері бауыр, ұйқы безі, өкпе, несеп-жыныс және гинекологиялық аймақтарға аз инвазивті лапароскопиялық ота жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл науқастың өмір сүру сапасын, операциядан кейінгі кезеңді, оны емдеуге кететін шығындарды және бастысы косметикалық әсерді айтарлықтай жақсартады", – деді Алматы онкологиялық орталығы хирургиялық қызметінің басшысы Нұрлан Балтаев.
Оқи отырыңыз: Жарқын күз: алматылықтар уақытын тиімді өткізуде