Азаматтар қаржы пирамидаларына тап болған жағдайда не істеуі керек - маман пікірі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда соңғы бір жылда 700-ден аса адам қаржы пирамидаларының құрығына түскен. Бұл ресми тіркеліп, қылмыстық іс қозғалғандары ғана. Алайда жапа шеккендердің саны одан да көп болуы мүмкін. Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, алаяқтар алдап-арбаудың түрлі әдіс-тәсілін тауып жүр. Олар азаматтардың сеніміне кіру үшін әлеуметтік желіні, жеке деректерді, жарнаманы, танымал тұлғалардың бейнесін пайдаланады. Ал қазір тіпті жасанды интеллектіге көшіпті. Заңды белден басқандарға тоқтам бар ма? Алматыда киберқылмысқа қарсы күрес қалай жүріп жатыр?

Осы және өзге сұрақтараға «Алматы» телеарнасының студия қонағы қалалықы Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ресми өкілі  Жақсылық Мырзахан жауап береді.

–  Жақсылық мырза, былтыр Алматыда қаржылық пирамидаларына қарсы қандай жұмыстар жүргізілді?

«Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2025 жылы қаржылық пирамидаларға қатысты күшейтілген жұмыстар жүргізді. Соның нәтижесінде Алматы қаласының аумағында 12 қылмыстық іс тіркелді.  Maticbasket, Warner Bros, Үйлі болайық және тағы басқа да қаржы пирамидалары анықталды. Бұл қаржы пирамидалары көбінесе азаматтарды ақша салу арқылы, өзінің артынан тағы да тартуға және сол ақша арқылы көп пайдаға кенелетінін жарнамалап шақырған. Көбінесе олар оңай, жеңіл жолмен көлік алу немесе пәтер алу, тағы да басқа осындай заттарды, мүліктерді сатып алу арқылы, яғни, алдау схемасын жасап, ойлап тапқан.

– Олар азаматтарды қалай алдайды? Қаржы пирамидаларына қандай әккі тәсілмен тартады?

«Қаржы пирамидалары әлеуметтік желі арқылы қызықты жарнаманы мемлекеттік құзырлы органдардың сайттарына ұқсатып немесе бір әйгілі брендтердің логотиптерін қолдану арқылы адамдарды шақырады. Осы әдіс арқылы сенім тудырады. Жасанды интеллектіні қолданып, сол арқылы азаматтарды күмәнді жобаларға тартады. Бұл жерде ең бірінші азаматтардың қырағы болуы маңызды. Өйткені азаматтар асығыс шешім қабылдап, пайда тауып қаламын деп ойлайды. Бірақ шындығына келгенде бұл жобалардың көбісі қаржы пирамидалары болып шығады». 

– Цифрлық технология дамыған заманда қаржы пирамидаларына қарсы қолданатын тетік бар ма? Жасанды интеллект арқылы алданып қалу мүмкін бе?

«Иә, әрине. Жасанды интеллект арқылы да алданып қалуы мүмкін. Құқық қорғау органдары бүгінгі таңда барлық цифрлық мүмкіндіктерін қолдана отырып, әлеуметтік желілерде, ғаламторда мониторинг жүргізу арқылы қаржы пирамидаларының формасына келетін, яғни, күдікті жобаларға қатысты тексеріс жасаймыз және бұл сілтемелерді бұғаттауға жолдаймыз. 

Статистикаға келетін болсақ, 2025 «Киберқадағалау» бағдарламасы арқылы Алматы қаласында 1300-ден аса интернет желілері бұғатталды». 

– Ал азаматтар қаржы пирамидаларына тап болған жағдайда не істеуі керек?

«Азаматтар ең бірінші әрбір жобаға қатысты ұсыныс түскен сәттен бастап, бірнеше сатыда тексеру керек. Олар «жоба жоғарғы кіріс алып келеді және кепілдік береді» деп сендіруі мүмкін. Жарнамасында белгілі азаматтардың видеоларын, «дипфейк» деп атайды, сол белгілі азаматтардың дауысымен, видеоларын қолдану арқылы ұсыныстар түсіп жатса, мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларынан тексеру қажет».

Оқи отырыңыз: Жоғалған отбасы: Атырау облысында ерлі-зайыптыларға халықаралық іздеу жарияланды

Новости партнеров