Азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігі жаңа Конституция жобасында терең қарастырылған - Бекжан Әшірбай

09.02.2026 19:34

Жаңа Конституция жобасын қызу талқылау жалғасуда. Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде журналистер мен медиа мамандары бас қосып, Ата заңға енетін бірқатар өзгерістерді ортаға салды, деп хабарлайды, деп хабарлайды Almaty.tv

Қатысушылар ақпарат таратудағы жауапкершілік, жалған мәліметтің алдын алу және азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін, жеке деректерін қорғау арасындағы құқықтық тепе-теңдікті сақтау қажет екенін алға тартты.

Іс-шара қорытындысы бойынша дөңгелек үстелдің резолюциясы қабылданды. Құжатта конституциялық реформаның негізгі бағыттары бойынша медиа қауымдастықтың ұстанымы мен ұсыныстары жүйеленіп, сөз бостандығын, бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігін және ақпарат алу мен тарату құқығын Конституцияда берік бекіту қажет деп атап өтті.

«Әлеуметтік желінің дамыған заманында азаматтардың жеке эмоциясы бірінші планға шығып кетті ғой. Азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігі жаңа Конституция жобасында тереңінен қарастырылған», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Әшірбай.

Оқи отырыңыз: Бас редакторлар клубы жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді