Алматы жастар арасындағы ел чемпионатында көш бастады

09.02.2026 19:44

Басқарма мәліметінше, жарыс 2026 жылы 4-9 ақпан аралығында Түркістанда өтті

Алматы қаласының құрамасы жастар арасындағы таэквондодан (WT) Қазақстан Республикасы чемпионатында жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді. Бұл туралы Алматы қаласының Спорт басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басқарма мәліметінше, жарыс 2026 жылы 4-9 ақпан аралығында Түркістанда өтті. Чемпионат қорытындысы бойынша алматылық спортшылар 7 алтын, 3 күміс және 10 қола медаль жеңіп алды.

Спорт басқармасы турнир бойы Алматы спортшылары жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жарыста тұрақты нәтиже көрсеткенін атап өтті. Қол жеткізген көрсеткіш жастар спортын дамытудағы жүйелі жұмыстың тиімділігін және оқу-жаттығу үдерісінің сапалы ұйымдастырылғанын айқын дәлелдейді.

Сонымен қатар, чемпионаттың барлық жеті жеңімпазы 7–8 сәуір күндері Ташкент қаласында (Өзбекстан) өтетін таэквондодан әлем чемпионатына жолдама жеңіп алғаны хабарланды.

Чемпионат жүлдегерлері:

Алтын медаль иегерлері:
Әбдукәрімов Әлидар (68 кг)

Әбдірәсілова Эвелина (59 кг)
Мәдиұлы Сағи (45 кг)
Махмұт Нұрәлі (59 кг)

Мұхаммедәлі (63 кг)

 Жақсылықова Жанелия (49 кг)
 Шері Әділет (51 кг)

Күміс медаль иегерлері:

 Нұржанова Маржан (42 кг)
Цой Алла (46 кг)
 Васенькин Евгений (63 кг)

Қола медаль иегерлері:
Өмірәлі Әлихан (63 кг)
Кәрімова Аделя (68 кг)
Қасым Дияр (59 кг)
Внукова Олеся (63 кг)
Жетісу Аяна (+68 кг)
Ерболатұлы Ерасыл (68 кг)
Әбдірәсілов Ерсұлтан (68 кг)
Иванькова Диана (46 кг)
Әбдіқадырова Сальсабиль (46 кг)
 Рахым Мирас (63 кг)

Оқи отырыңыз: 5 жылда Қазақстанда мемлекет есебінен 1 242 мектеп салынды