Құрылтай – елдің ұлттық ұстанымы мен азаматтық позициясын айқындайтын маңызды басқосу. Ақын Бақыт Беделханның пікірінше, мұндай атаудың өзі елдің еңсесін көтеріп, ұлттық рухты нығайтуға ықпал етеді. Ал әнші Серік Исахан Құрылтайдан өнер саласына тың серпін беретін жаңа бастамалар мен жақсы жобалар күтетінін жеткізді.
«Мемлекетіміздің ұлттық ұстанымын, ұлттық болмыс-бітімін айқындайтын, ерекшелікке алып келетін бұл құрылтай атауының өзі ерекше құдіретті деп ойлаймын. Азаматтық позиция – айқындауыш күш. Сондықтан да біз азаматтық позициямызды айқындау арқылы мемлекетіміздің күшін, еңсесі мен мысын көтере аламыз», – деді ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Бақыт Беделхан.
«Өнер саласында жақсы бағдарламалар күтеміз, Алла қаласа. Өнерге үлкен пайдасы болады деп сенем», – деді әнші Серік Исахан.
Оқи отырыңыз: Алматы алдағы Құрылтай сайлауын өткізуге дайын