Бәс тіктім: шымкенттік азамат 26 қаламды бүтіндей жұтқан

14.10.2025 19:35

«Батылдығын» көрсетпек болған ер адамға 2 сағат бойы ота жасалды

Шымкентік азамат досымен бәстесем деп, 26 қаламды бүтіндей жұтып қойған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алайда бұл әрекет көп ұзамай оның өміріне қауіп төндіріпті. Өзін жайсыз сезініп, асқазан-ішек жолдары қатты ауырған 38 жастағы тұрғын дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оған 2 сағат бойы ота жасап, азқазанындағы бөгде заттарды алған. Бүгінде «батылдығын» көрсетпек болған ер адам үйіне шығарылды.

«Оған эндоскопиялық ота жасалып, тіліксіз бөгде заттар алынып тасталды. Қазіргі жағдайда науқас хирургия бөліміне жатқызылды, жағдайы бір қалыпты», – деді эндоскопист дәрігер Мұхамедәли Төлегенов.

Оқи отырыңыз: Сібір жарасы: Алматы облысындағы қауіпті аймақта жер телімі сатылған