Бәсекелестікті қорғау агенттігі "Қазақтелекомға" қатысты тергеу ісін бастады

Nathan Cima / Unsplash
Nathan Cima / Unsplash

Компания жұмысынан тауарға монополиялық жоғары баға белгілеу белгілері анықталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінен хабарлағандай, қазіргі уақытта сымды интернет нарығы жоғары шоғырланған, мұнда жиынтық үстем жағдайға "Қазақтелеком" АҚ және "Кар-Тел" ЖШС (Beeline) ие, деп хабарлайды  Аlmaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Талдау барысында Агенттік қызмет көрсету кезінде бөгде байланыс операторларының көппәтерлі тұрғын үйлерге кіруіне, сондай-ақ кабельдік кәріз желілеріне қосылудың техникалық шарттары туралы ақпарат алуды қиындататын кедергілерді анықтады", - делінген агенттік хабарламасында.  

Сондай-ақ анықталған кедергілерді жою бойынша тиісті ұсыныстар уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілді. Талдау аясында байланыс операторларының интернет қызметтеріне бағасының динамикасы да зерттелді.

"Талдау нәтижелері бойынша "Қазақтелеком" АҚ-ның іс-әрекеттерінде тауарға монополиялық жоғары баға белгілеу белгілері анықталды. Осыған байланысты Агенттік бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу деректерін тергеп-тексеру рәсімін бастады", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Алматыда ресми түрде 4 мыңға жуық мопед тіркелді

Новости партнеров