"А1" санатындағы жүргізуші куәлігін алған азаматтардың саны біртіндеп артып келеді
Алматыда ресми түрде 4 мыңға жуық мопед тіркелді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанда мопедті тіркеу науқаны жалғасуда. Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасы процессинг орталығының мәліметінше, мопедті тіркеп, "А1" санатындағы жүргізуші куәлігін алған азаматтардың саны біртіндеп артып келеді.
«Мопед жүргізушілері мынаны есте сақтауы керек. "Жол жүрісі туралы" заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін мопедтер ресми түрде көлік құралы ретінде танылды. Демек, енді оларды жүргізу үшін тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі, сақтандыру полисі болуы керек. Полиция барлық мопед иелеріне тіркеуді кешіктірмеуді қатаң түрде ұсынады, өйткені жаңа ережелерді сақтамау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Заңды сақтау – бұл жай ғана формальдылық емес, жол қауіпсіздігі мәселесі. Уақытында тіркеліп, көлігіңізді заңды түрде жүргізіңіз», - деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
Мопедті тіркеу үшін иесі (иесінің өкілі) мыналарды көрсетеді:
Оқи отырыңыз: Алматы метрополитенінің жаңа бекеті іске қосылған соң жолаушылар саны 30%-ға артады