Баян Алагөзова «Қыз Жібектің» қамзолын Меруерт Өтекешоваға қайтарды

instagram.com/bayanmaxatkyzy
instagram.com/bayanmaxatkyzy

Өтекешова Алагөзованың кеңсесіне кездесуге келген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Белгілі продюсер Баян Алагөзова осыған дейін өзі сыйлыққа алған «Қыз Жібектің» қамзолын фильмде Жібек рөлін сомдаған, Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешоваға қайтарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Өтекешова Алагөзованың кеңсесіне кездесуге келген. Онда екеуі әңгіме дүкен құрған.

«Бұл қамзолдың менің қолыма түскенінің өзі де Құдайдың қалауы болып тұр ғой… Қазір мен осы қамзолды сізге қайтарып бергім келеді. Оның тағдырын сіз шешуіңіз керек деп ойлаймын», – деді Алагөзова.

Бұған қоса, ол дизайнер Аида Қауменовамен бірге осы қамзолдың үлгісін алып, сән үлгісіне айналдыратынын және алдағы жылы болатын «Қазақ аруы» байқауында қатысушылардың барлығы осы қамзолды киіп шығатынын айтты.

Оқи оытырыңыз: Еліміздің қай өңірінде ерлер көп — ресми статистика жарияланды

Новости партнеров