Алматылықтар қала күнін қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтеді
Backstreet Boys тобы Алматыдағы концертте көрермендерге арнайы сөз арнады. Әлемдік жұлдыздар оңтүстік астананы туған күнімен құттықтап, жанкүйерлерге жылы қабылдағаны үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Айта кетейік, алматылықтар қала күнін қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтеді.
Музыканттар алғысын қазақ тілінде жеткізді. Көрермендер де ұзақ қол шапалақтап, ылтипатын білдірді.
Оқи отырыңыз: Әумен тоғысатын жүректер: Backstreet Boys және Алматыдағы махаббат хикаясы