Байланыс операторлары тарифтің қымбаттайтынын 2 ай бұрын хабарлануы тиіс
Ескерту ұялы нөміріне SMS арқылы жіберілуі керек
Қазақстанда мобильді байланыс тарифтерін өзгерту тәртібі қатаңдатылды. Енді операторлар тариф құнын аяқ астынан көтере алмайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Оның бағасын өзгертуді жоспарласа, абоненттерге бұл туралы кемінде 60 күн бұрын хабарлауға міндетті. Ескерту ұялы нөміріне SMS арқылы жіберілуі керек. Сонымен қатар оператор алдағы тариф өзгерісі туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында жариялауы тиіс. Бұл талап абоненттерге тарифтің қымбаттайтынын алдын ала біліп, жаңа шарттармен танысуға және қажет болған жағдайда өзіне қолайлысын таңдауға мүмкіндік береді. Жаңа талаптар биыл 19 маусымда қабылданған телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамытуға бағытталған заңда қарастырылған. Оның негізгі нормалары 20 тамыздан бастап күшіне енеді.
Оқи отырыңыз: Биыл бастауыш сынып оқушыларының білімін қалай бағалайды