Бақытты ғұмыр: Алматыда жаңа кітаптың тұсауы кесілді

20.04.2026 16:36

Екі томнан тұратын туынды 4 бөлімге бөлінген

Алматыда Ғалымжан Есқараұлы Керімбектің «Бақытты ғұмыр» атты кітабының тұсауы кесілді,

Екі томнан тұратын туынды 4 бөлімге бөлінген. Еңбекте отбасылық құндылықтар, өнегелі өмір және ұлттық салт-дәстүрлер секілді бірнеше бағыт қамтылған. Кітапта автор көпжылдық өмірлік және кәсіби тәжірибесін бөліседі.

«Бұл кітаптың мақсаты – адам өмірге келгеннен кейін сапалы білім алып, саналы қоғамға пайдасын тигізіп, әр азаматтың рухани бай болуына, оның руханият дүниесінің кемелденуіне ықпал ету. Адамның өмірге келгеннен кейін салихалы, салауатты өмір сүруіне негізделген еңбек болып саналады», – деді автор Ғалымжан Керімбек.

Оқи отырыңыз: Сағындым, сағым жылдар: Мәдина Ералиеваның шығармашылығына арналған рухани кеш өтті