Бақытжан Байжанов жазасын мерзімінен бұрын аяқтайды

30.07.2025 13:55

Сот шешіміне сәйкес, оның жаза мерзімі 8 ай 8 күнге қысқарды

Almaty.tv

Бишімбаевтың бауыры Бақытжан Байжанов жазасын мерзімінен бұрын аяқтайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Степногорск қалалық соты оның амнистияға байланысты берген өтінішін қарап, жазасын қысқартуға шешім шығарған. Байжанов өтінішін Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық аясында жазған. Негізі сотталушы 2027 жылдың 18 шілдесінде түрмеден босауы керек. Ендігі сот шешіміне сәйкес, оның жаза мерзімі 8 ай 8 күнге қысқарып, азамат 2026 жылдың қараша айында бостандыққа шығады.

Сот Байжановтың түзету мекемесінде өзін жақсы қырынан көрсеткенін, сондай-ақ көтермелеу шараларына ие болып, келтірілген материалдық шығынды толық өтегенін ескерген.

Айта кетейік, Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты қылмыстық істі жасыру дерегі бойынша 4 жылға сотталған. Ол қазір жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзету мекемесінде өтеп жатыр.

Оқи отырыңыз: Зауыттағы апат: Ақтауда зардап шеккен жұмысшы көз жұмды