Бала қауіпсіздігі – басты назарда: алматылық оқушылар кинологтардың жұмысымен танысады

30.05.2025 21:06

Мерекеге орай, қаланың әр ауданында 183 іс-шара ұйымдастырылмақ

Балалар күні қарсаңында Алматыда «Бала қауіпсіздігі – басты назарда» науқаны басталды. Мерекеге орай, қаланың әр ауданында 183 іс-шара ұйымдастырылмақ, деп хабардлайды Almaty.tv.

Оның басым бөлігі оқушыларға төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік ережелерін үйретуге бағытталған. Ауқымды ақция аясында балалар өрт сөндіру, құтқару техникаларын көріп, кинологиялық қызметпен танысып, алғашқы медициналық көмек көрсету, эвакуация ережелері және судағы қауіпсіздік туралы шеберлік сабаққа қатысады. Мамандардың айтуынша, қауіп-қатер кезінде дұрыс әрекет етуді ерте жастан меңгеру – маңызды дағды. Әсіресе жаз мезгілінде тәуекел арта түсетіндіктен, мұндай танымдық сабақтардың уақытылы өтуі – аса маңызды.

«Ауқымды профилактика жұмыстарын бастап кеттік. Бұқаралық ақпараттық құралдармен бірлесіп ақпаратты-танымды бейнероликтер дайындап, қаланың лед экрандарында, теледидар, баннерлерінде шығардық. Бұл халыққа жаз маусымында қауіп-қатерлерден сақтанып, абай болуды үйретеді. Сондай-ақ қаладағы ірі, қауіпті су қоймаларының маңайында 2024 жылдан бері камералар қойылған, оларды тәулік бойы бақылаудамыз», – деді Азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымхан Мұхамеджан.

Оқи отырыңыз: Елімізде балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілер саны екі есеге азайды