Бала саудасы: қытайлық азаматтардың үсітнен қылмыстық іс қозғалды

01.12.2025 14:07

Екі отбасылық жұп қазақстандық суррогат аналар босанған сәбилермен ұсталды

Нәрестелерді заңсыз алып кетпекші болған. Алматы әуежайында Қытайдан келген екі отбасылық жұп қазақстандық суррогат аналар босанған сәбилермен ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv

Шетел азаматтарының қолында балалардың құжаттары болғанымен, елден шығарылмаған. Полиция департаментінің мәліметінше, бұл жағдай 11 қарашада болған. Қазір аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Аталған дерек бойынша Алматы қаласы Полиция департаментінің тергеу басқармасымен ҚР ҚК 135-бабы 1-бөлігі бойынша «Кәмелетке толмағандарды саудалау» бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қылмыстық іс аясында істің барлық объективті мән-жайларын толық зерттеуге бағытталған талаптар қамтамасыз етілуде, – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқи отырыңыз: Алдағы күндері ауа райы қандай болады