Полиция жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғады
Атыраудағы жекеменшік мектептердің бірінен шу шықты. Полиция дерегінше, оқу ордасында қыздар арасында жанжал туып, салдарынын жоғары сыныптың оқушысы басынан ауыр жарақат алған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әу баста бойжеткен аяғы тайып, унитазға басын соғып алғанын айтқан. Бірақ кейіннен өзін қатарластары итеріп жібергенін мойындапты. Қазір оқушының жағдайы қалыпты. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ал сынып жетекшісі мен мектеп директоры құқық қорғау органдарына уақтылы жүгінбегені үшін тиісті іс материалдары білім беру саласындағы сапаны бақылау департаментіне жолданған. Полиция жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғады.
«Атырау мектептерінің бірінде 11 сынып оқушысына дене жарақатын келтіру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда күдікті оқушы анықталды. Заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алынып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді тергеу амалдары жүргізілуде», – деді облыстық ПД ақпараттық саясат бөлімінің инспекторы Дина Мақсотова.
Оқи отырыңыз: Бала саудасы: қытайлық азаматтардың үсітнен қылмыстық іс қозғалды