Балаға мектеп сөмкесін таңдағанда нені ескеру қажет

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Дұрыс таңдалған сөмке — бала денсаулығының кепілі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мектеп сөмкесін дұрыс таңдау баланың арқасына түсетін жүктемені азайтып, дене қалпының дұрыс сақталуына ықпал етеді. Сондықтан ата-аналар сөмке сатып аларда оның салмағына, өлшеміне, конструкциясына, материал сапасына және қауіпсіздігіне ерекше назар аударуы қажет, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ата-аналарға мектеп сөмкесін таңдау бойынша маңызды ұсынымдар ұсынады.

Таңбалануын міндетті түрде тексеріңіз

Толық әрі түсінікті таңбалануы жоқ сөмкені сатып алмаған жөн. Ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылуы тиіс. Таңбалануда бұйымның материалы, дайындаушы елі, өндіруші немесе импорттаушы, мақсаты, баланың жасы, сондай-ақ пайдалану және күтіп ұстау жөніндегі ұсынымдар көрсетілуі қажет.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған сөмкелердің КО ТР 007/2011 талаптарына сәйкестігі міндетті түрде расталуы тиіс.

Сөмкенің салмағына назар аударыңыз

КО ТР 007/2011 техникалық регламентіне сәйкес, бос сөмкенің салмағы:

  • бастауыш сынып оқушылары үшін — 700 грамнан аспауы;
  • орта және жоғары сынып оқушылары үшін — 1000 грамнан аспауы тиіс.

Сонымен қатар сөмке ішіндегі оқу құралдарын қоса есептегендегі жалпы салмақ баланың дене салмағының 10%-ынан аспауы қажет.

Қауіпсіз әрі ыңғайлы конструкцияны таңдаңыз

Сөмке баланың бойына сәйкес келіп, арқасына ыңғайлы орналасуы керек. Ол баланың қозғалысын шектемеуі және арқасына шамадан тыс қысым түсірмеуі тиіс.

Артықшылық берген жөн:

  • арқаны жақсы ұстап тұратын, пішінін сақтайтын арқалығы бар модельдерге;
  • кең, жұмсақ әрі реттелетін иықбаулары бар сөмкелерге;
  • берік фурнитурасы бар бұйымдарға;
  • берік әрі су өткізбейтін материалдан жасалған сөмкелерге;
  • қараңғы уақытта баланың қауіпсіздігін арттыратын жарық шағылыстырғыш элементтері бар модельдерге.

Сөмкедегі оқу құралдарының салмағын бақылаңыз

Баланың сөмкесіне күн сайын қажет болатын заттарды ғана салуын қадағалаңыз. Қажетсіз оқулықтар, дәптерлер мен басқа да заттарды алып жүру артық жүктеме түсіреді. Сөмке неғұрлым жеңіл болса, омыртқаға түсетін салмақ та соғұрлым аз болады.

Есте сақтаңыз: мектеп сөмкесін таңдағанда оның сыртқы көрінісі мен сыйымдылығына ғана мән бермеңіз. Ең алдымен сөмкенің қауіпсіздігіне, салмағына, баланың жасына сәйкестігіне және қолайлылығына назар аударыңыз.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Молдава президентіне құттықтау жеделхатын жолдады