Балалар қауіпсіздігі – басты назарда: заң бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік енгізілді

29.05.2026 18:53

Соңғы жылдары Қазақстанда олардың құқықтарын қорғауға бағытталған 10 заң қабылданды

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі елде әлі де өзекті. Соңғы жылдары Қазақстанда олардың құқықтарын қорғауға бағытталған 10 заң қабылданып, зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Маңызды өзгерістердің бірі – буллингпен күресті мықтап қолға алу мақсатында балалар уәкілдеріне жабық мекемелерге кедергісіз кіру құқығының берілуі. Оқу-ағарту министрлігі өкілдерінің мәліметінше, кәмелетке толмағандарға қатысты әрбір келеңсіз жағдай олардың жеке бақылауында болады. Бұл өз кезегінде мемлекеттік органдардың өзара жұмысын тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді.

«Балалардың құқығын қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленді, балалардың құқығын қорғау жөніндегі өңірлік органдарды құру тәртібі мен олардың функциялары айқындалды, қорғаншыларға және бірге тұратын адамдарға қойылатын талаптар күшейтілді, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі және басқа да мәселелер реттелді», – деді ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова.

Оқи отырыңыз: Алматы жастары зорлық-зомбылыққа қарсы үн қатты