Жағдай бақылауда: Алматы әкімі балалар үйі аумағынан шыққан өрт орнына барды

09.11.2025 19:28

Ғимаратта болған 35 бала мен қызметкерлер дер кезінде эвакуацияланды

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды және қалалық құрылымдық бөлімдердің басшылары барды Алтын Орда көшесі маңындағы балалар үйі аумағынан шыққан өртке байланысты оқиға орнына барды. Ғимаратта болған 35 бала мен қызметкерлер дер кезінде эвакуацияланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің коммуникация және БАҚ-пен жұмыс бойынша кеңесшісі Ильзат Акчурин мәлімдеді.

"2025 жылғы 9 қарашада Алматы қ. Наурызбай ауданы, Алтын Орда көшесі, 6а мекенжайында орналасқан «Перзент» жеке қайырымдылық балалар үйі  аумағында болған барлық 35 бала мен қызметкерлер дер кезінде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Балалар қауіпсіз орындарға орналастырылды, оларға қажетті көмек пен қолдау көрсетіліп жатыр.

Қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі жойылды. Өрт ошағы оқшауланған. Оқиға орнында Алматы қаласы ТЖД бөлімшелері жұмыс істеуде.

Оқиға орнында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды және қалалық құрылымдық бөлімдердің басшылары барды. Қазіргі таңда уақытша орналастыру, тамақтандыру және материалдық қолдау шаралары қамтамасыз етілуде. Жағдай бақылауда", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Алматыда әлеуметтік қолдау мен атаулы көмек шаралары күшейтіліп келеді