Қаскүнемдер ата-аналардың жеке деректері мен ақшалай қаражатына қол жеткізу үшін түрлі алдау схемасын қолданады
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ескертеді: жазғы демалыс кезінде балалар интернет-алаяқтардың нысанасына айналады. Оқушылардың желіде көп уақыт өткізетінін пайдаланып, қаскүнемдер ата-аналардың жеке деректері мен ақшалай қаражатына қол жеткізу үшін түрлі алдау схемаларын қолданады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Қазіргі алаяқтар мобильді ойындарды, әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді және бейне платформаларды белсенді пайдаланады, балаларға тегін бонустар, ойын заттарын, сыйлықтар, конкурстарға қатысуды немесе оңай табыс көзін ұсынады. Мұндай әрекеттердің басты мақсаты – банктік деректерге, аккаунттарға немесе құрылғыларға қол жеткізу.
Ең көп тараған алаяқтық схемалар:
Баланың смартфоны ата-аналардың банктік қосымшаларымен немесе төлем қызметтерімен байланысты болатын жағдайлар ерекше қауіп төндіреді. Құрылғы зиянды бағдарламаны жүктеген жағдайда, алаяқтар қаржылық ақпарат пен ақшалай қаражатқа қол жеткізе алады.
Тәуекелдерді азайту үшін Агенттік ата-аналарға мынадай кеңес береді:
Интернетте күдікті хабар, қоңырау немесе ұсыныс алған кезде баланың ата-анадан дереу көмек сұрау керек екенін білуі маңызды.
Цифрлық ортада қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру балаларды алаяқтықтан қорғауға және бүкіл отбасы үшін қаржылық шығындар қаупін азайтуға көмектеседі.
Оқи отырыңыз: «Отырар» музей-қорығында Абай мұрасына арналған кітап көрмесі ашылды