«Отырар» музей-қорығында Абай мұрасына арналған кітап көрмесі ашылды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Аталмыш көрме бір апта бойы жалғасады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Абай күні қарсаңында «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығында «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, көрмеге Абай Құнанбайұлының шығармалары, ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеуге арналған ғылыми еңбектер, сондай-ақ әдеби және танымдық басылымдар қойылды.

Мұнда ұлы ойшылдың қазақ әдебиеті мен руханиятындағы орны және оның ой-тұжырымдарының мәні туралы ақпарат берілген.

Кітап көрмесінде Абай өлеңдері мен «Қара сөздеріндегі» білім, ғылым, еңбек, адамгершілік, ел бірлігі және ұлттық сана тақырыптары кеңінен қамтылған.

Ақын дәріптеген бұл құндылықтар бүгін де маңызын жоғалтпай, қоғам үшін рухани бағдар болып отыр.

Аталмыш көрме бір апта бойы жалғасады.

Көпшілік Абайдың шығармашылық мұрасымен қатар, ақынның ұлттық мәдениеттің дамуына қосқан үлесіне арналған басылымдармен таныса алады.

Оқи отырыңыз: Алматыда жаңа амбулатория салынып, ауруханалар жаңғыртылып жатыр