Балаларға қуаныш сыйла: Алматыда қайырымдылық іс-шарасы өтті

03.06.2025 14:09

Этномәдени бірлестік өкілдері өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды мейірмге бөледі

Алматыда ҚХА жанындағы «Аналар» кеңесі «Балаларға қуаныш сыйла» жобасы аясында қайырымдылық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Этномәдени бірлестік өкілдері өмірлік қиын жағдайға тап болған балалармен бірге уақыт өткізіп, оларға мейірім мен жылулық сыйлады. 48 бала кинотеатрға барып, үлкен экраннан мультфильм тамашалады. Кино көрсетілімнен кейін балаларға тәттілер мен шырындар ұсынылды. Аналар кеңесі бұл жобаны жыл сайын жалғастыруды жоспарлап отыр.

«Қазақстандағы балалары бізге бөтен емес. Сол үшін осындай үлкен қуаныш сыйлап отырмыз. Бұлар бақытты болса, біз де бақыттымыз», – деді Алматы қаласы ҚХА жанындағы «Аналар» кеңесі төрағасының орынбасары Римма Масырова.

Оқи отрыңыз: Астанада бес миллионыншы жолаушыға сыйлық табысталды