Астанада бес миллионыншы жолаушыға сыйлық табысталды

ҚТЖ
ҚТЖ

Сәтті билет иегері – 8 жастағы Мөлдір Сұлтан есімді жолаушы

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарымен тасымалданған бес миллионыншы жолаушыны елордадағы «Астана-1» теміржол вокзалында салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сәтті билет иегері – 8 жастағы Мөлдір Сұлтан есімді жолаушы. Ол анасымен бірге Алматыдан Астанаға №9/10 бағытындағы жолаушылар пойызымен сапар шеккен.
Мөлдірге естелік сыйлықтар табысталды. Жас жолаушыға жұмсақ ойыншық, планшет және сымсыз құлаққап сыйға берілді.

Сыйлықтарды «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалының директоры Замира Абжаппарова салтанатты түрде табыс етті.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ миллионыншы жолаушыны ерекше ілтипатпен қарсы алуды дәстүрге айналдырған. Бұл – теміржол көлігін таңдаған жолаушыларға деген алғыстың және жоғары сапалы қызмет көрсетуге деген ұмтылыстың жарқын көрінісі.

Оқи отырыңыз: Сиань-Алматы: қалаға алғашқы халықаралық туристік пойыз келді

Новости партнеров