Балаларға күлкі сыйлау: Алматыдағы әлеуметтік мекемелерге мектеп оқушылары көмек көрсетті

30.01.2026 16:45

Бастама аясында 1000-нан аса адам керек-жарақпен қамтылды

Алматыдағы 5 әлеуметтік мекемеге мектеп оқушылары көмек көрсетті. Ораз Жандосов атындағы №105 мектеп-гимназиясының білім алушылары балалар мен қарттар үйінің азаматтарына, сонымен қатар жұқпалы дертке шалдыққан жандарға азық-түлік пен қажетке жарамды заттарды үлестіріп берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бастама аясында 1000-нан аса адам керек-жарақпен қамтылды. Бұл іс-шараға оқу ошағының ата-аналары мен ұстаздар қауымы да көп үлес қосты.

Атап өткен жөн, аталмыш науқан білім ордасында жыл сайын өтеді. Биыл он үшінші рет ұйымдастырылып отыр.

«Түрлі-түсті кітаптар, ойыншықтар өте көп, тәттілер бар. Бастауыш сыныптың балалары өзіне ұнайтын тағамдарымен, кітаптарымен, ойыншықтарын әкелген. Олар жүрек жылуын жақсы көретін заттары арқылы жіберіп отыр. Сондықтан да акциямыздың аты – «Балаларға күлкі сыйлау», – деді О. Жандосов атындағы №105 мектеп-гимназияның директоры Гүлжан Досаева.

 «Бұл акцияға жыл сайын тұрақты түрде қатысамыз. Жиналған заттарды бойында иммун тапшылығы байқалатын балаларды қарайтын орталыққа апарып табыстаймыз. Дәрігерлер қажеттінің барлығын оларға жеке-жеке үлестіріп береді», – деді «АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың қазақстандық одағы» президентінің міндетін атқарушы Лилия Аманжолова.

Оқи отырыңыз: Педагог – тұлғаны қалыптастыратын сәулетші - Асан Торғанбеков