Педагог – тұлғаны қалыптастыратын сәулетші - Асан Торғанбеков

Алматының Түрксіб ауданындағы мектептердің бірінде форсайт сессия өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Жас мұғалімдер тек теориямен шектелмей, оқушыны өмірге бейімдейтін маман ретінде қалыптасуы керек». Алматының Түрксіб ауданындағы мектептердің бірінде өткен форсайт сессияда осындай пікір айтылды.

«Жаңа дәуірдің сәулетшісі» деп аталған іс-шараның мақсаты – ұстаздардың функционалдық сауаттылықты сабақта тиімді қолдануына жол ашу, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Формуланы білу – білім, ал енді оны қолдана білу ол – функционалдық сауаттылық. Міне осы тұрғыда біршама іс-шараларды мұғалімдер жүргізуде. Семинарға келіп отырған мұғалімдер жаратылыстану пәні емес, басқа да қоғамдық гуманитарлық пәндер, математика пәнінің мұғалімдері жиналып отыр», – деді Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Назима Жақыпова.

«Жаңа дәуірдің сәулетшісі» деген атаумен бастадық. Бұл атауды да бекер қойған жоқпыз. Кеңістіктікте ғимарат салу – сәулетшінің міндеті, ал жаңа дәуірдің маманының міндеті  – өмірлік дағдысы қалыптасқан тұлғаны қалыптастыру. Педагог  – тұлғаны қалыптастыратын сәулетші», – деді № 59 мектеп-гимназиясының директоры Асан Торғанбеков.

Басқосуда STEM оқыту тәсілдері негізгі бағыт ретінде қарастырылды. Ұстаздардың сөзінше, бұл әдіс арқылы оқушыларды тек тыңдаушы емес, зерттеуші ретінде тәрбиелеуге болады. Мамандар «бұл олардың болашақ мамандыққа дайын болуына үлкен әсер етеді» дейді. Сонымен қатар іс-шара аясында жас кадрларға арналған «IQ-Алаң: Сауаттылық синергиясы» шеберлік сағаты ұйымдастырылып, қатысушылар тәжірибе алмасып, заманауи білім берудің жаңа бағыттарын талқылады.

 «Шеберлік сағатты болып жатыр. Соған байланысты функционалдық сауаттылық, яғни білім беру барысында оқушылармен ақпарат алмасу, күнделікті өмірде қалай жүріп-тұруды үйрету сынды пікірлерді ортаға салдық», – деді № 83 гимназиясының мұғалімі Демежан Жасболатов.

Оқи отырыңыз: Ұлттық театрға 100 жыл: Алматыда мерейтойлық көрмесі ашылды

Новости партнеров