Тергеу материалдарына сүйенсек, анасы алдымен үш жасар ұлын, артынша 11 айлық қызын тұншықтырған
Ақтөбеде балаларын өлтірді деп айыпталған әйелге қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жаға ұстатар ауыр қылмыс наурыз айында болған. 29 жастағы келіншек өзінің қос перзентін қатігездікпен өлтірді деп істі болып отыр. Тергеу материалдарына сүйенсек, анасы алдымен үш жасар ұлын, артынша 11 айлық қызын тұншықтырған. Сараптама қорытындысы келіншектің психикалық дертке шалдыққанын растап отыр. Нақтырақ айсақ, сот-психиатриялық талдау оған «параноидтық шизофрения» диагнозын қойған. Қазір күдікті Талғардағы мамандандырылған орталықта мәжбүрлі ем қабылдап жатыр.
Айта кетейік, қылмыстың аса ауыр деп бағалануына байланысты сот отырысы жабық форматта өтуде. Залда тек мемлекеттік айыптаушы, қорғаушы және сотталушының жұбайы бар.
«11 наурызда байқадым, кешкісін қызды тұншықтырған. Әкесі болған соң қорқып, полиция қызметкерлеріне жүгіндім. Олар келді. Ертесіне ауданда Қызылқоға деген жерге апарды, тексерді. Олар екінші дәрежелі психоз деген диагноз қойды», – деді айыпталушының жұбайы Жеңісбек Абылайхан.
«Балаларына деген ешқандай аналық мейірім жоқ. Жатын бөлмеде жерде ұйықтап жатқан жас баланы тұншықтырып, қасақанаөлтірген», – деді мемлекеттік айыптаушы Эльдар Әбиев.
Оқи отырыңыз: Ақтөбеде дәрігер жоғалып кетті